Елімізде 8 мың әйел балаларына алимент төлемей жүр

Әділет министрлігі алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу саласында тұрақты бақылау жүргізеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазіргі уақытта алимент өндіру бойынша 319 мың іс қозғалып жатыр. Борышкерлердің көпшілігі ер адам – 310 мыңнан астам, ал 8 мыңнан астамы – әйел. 13 мың атқару өндірісі бойынша қарыз – 18,5 млрд теңге.
"Көп жағдайда алименттік төлемдер жұмыс берушілердің есеп бөлімдері арқылы ай сайын өндіріледі. Банк шоттарына, мүлкіне тыйым салу және елден шығуға уақытша шектеу қою сияқты шаралар қолданылады", - деді ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар борышкерлерді жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында әділет органдары мен әкімдіктердің бірлескен жұмысының арқасында 3 077 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Фото: ОКҚ


Ең көп оқылған
