457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада әскери қызметкер "әйел зорлады" деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Астанада әскери қызметшінің әскери қалашық аумағында жеке компания қызметкерін зорлағаны туралы ақпарат тарауда. Елорда полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі аталған жғдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Желідегі ақпарат авторлары атап өткендей, ер адам полковник шеніне ие.

Астана қалалық ПД өздеріне елорданың 47 жастағы тұрғынынан осындай сипатта арыз келіп түскенін растады. Оған сәйкес, сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

"Арызданушы әйелдің танысының жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді", - деп мәлімдеді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: ІІМ