457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат 6 жылға сотталды

2025 жылдың 18 шілдесінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты үкім шығарды. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі болып жұмыс істеген Сәкен Мамаш әйелі Каринаны 10 жыл бойы соққыға жыққан. Бұл туралы 2024 жылдың 6 мамырында белгілі болды. 

Содан кейін әйел қоғам қайраткерлерінен көмек сұрап, әлеуметтік желіде өз оқиғасын айтып берді. Ол күйеуін дипломатиялық мәртебесінен айыруды және түрмеге жабуды сұрады. 

Бұған ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап беріп, Астана полициясы қылмыстық іс қозғады. 2025 жылдың 4 сәуірінде полиция бұрынғы дипломаттың ұсталғаны туралы хабарлады.

Сот 2025 жылдың маусымында басталып, жабық есік жағдайында өтті – бұл жәбірленуші, сотталушының бұрынғы әйелі Карина Мамаштың тілегі.

Фото: t.me/yyedilov