Астанада экс-дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды

Астана полиция департаменті әйелін ұрды деп айыпталған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің егжей-тегжейлерін айтты

Сұлу Бөлек

  • 04.04.2025

Астана полиция департаменті әйелін ұрды деп айыпталған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің егжей-тегжейлерін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі tengrinews.kz сауалына берген жауабында, былтыр құқық қорғау органдары Қазақстанның елшілігіндегі бұрынғы кеңесшіге қатысты жұбайына жүйелі түрде қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

"Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар жүргізілді. Айтарлықтай дәлелдемелер жиналып, бекітілді", – делінген департамент хабарламасында.

Тергеу нәтижесі бойынша тергеу соты күдіктіге қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты соталды тергеудің басқа мәліметтері жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының парақшасында БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін тұрақты түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат пайда болды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат шұғыл түрде елге шақырылатынын айтып жауап берді. Кейін зорлық-зомбылық туралы хабарлаған елшілік қызметкерінің жұбайы да БАӘ-ден қайтарылатыны белгілі болды. Бұл ретте оны әуежайда күйеуінің туыстары қарсы алғаны айтылды.

2024 жылғы 28 маусымда Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша істі қарады. Сот шешімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Фото: ©️ ktk.kz

Байланысты жаналықтар

Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

08.04.2025

Қаскелеңде қамауға алынған адам қашып кетті: қызметкерлерге қылмыстық іс қозғалды

02.04.2025

Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті

10.12.2024

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

16.11.2024

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

08.11.2024

Түркістанда полиция кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстады

23.10.2024
MalimBlocks
Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, қорлық көрсеткен жасөспірімдер қамауға алынды

Қаскелеңде қамауға алынған адам қашып кетті: қызметкерлерге қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қаскелеңдегі сот аумағынан қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты пікір білдірді

Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

Оған қатысты тергеу жүріп жатыр

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Оны қамауға алуға санкция беру туралы өтінішті Астананың тергеу соты қараған

Түркістанда полиция кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстады