Ақтөбе облысында жоғалып кеткен бала табылды

Құтқарушылар Ақтөбе облысында жоғалған бүлдіршінді саябақтан аман-есен тапты,- деп хабарлайды Malim.kz.
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 30 маусымда Қандыағаш қаласында 2015 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат 112 қызметінің пультіне түсті.
Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жұмылдырылып, аумақ секторларға бөлінді. Бала баруы мүмкін барлық бағыттар мұқият тексерілді.
Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-әрекетінің нәтижесінде бала қаладағы саябақтан аман-есен табылып, медициналық көмекке мұқтаж болмағаны анықталды, - делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларын жол, саябақ және жарықтандырылмаған аумақтарда қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Фото: Egemen.kz


Ең көп оқылған
