457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана–Ақтау рейсінде жолаушының бортсерікке шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Оқиға SCAT әуекомпаниясының рейсінде болған 

Астана–Ақтау бағыты бойынша ұшқан SCAT әуекомпаниясының рейсінде жолаушының бортсерікке шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, қонғаннан кейін жолаушылардың бірі ұшақ салонында телефонын ұмытып кеткенін есіне түсіріп, бортқа қайта оралмақ болған. Алайда бортсерік оған қауіпсіздік ережелерін ескертіп, ұшақтан шыққаннан кейін кері кіруге қатаң тыйым салынғанын айтты.

Бұл ескертуге қарамастан, ер адам адамдарды итеріп, салонға кіріп кеткен. Кейін бортсеріктің бетінен ұрып, өз телефонын алып шыққан. Артынша оны ұшақтан шығарып жіберді.

Әуекомпания мен құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

Фото: Pixabay.com