457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей тағы да Әзербайжанның Украинадағы мұнай базасына соққы жасады

Ресей соңғы 10 күннің ішінде екінші рет Украина аумағындағы Әзербайжанның мұнай-газ нысанын нысанаға алды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

18 тамызға қараған түні ресейлік дрондар Одесса облысындағы Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR-ға тиесілі мұнай базасына соққы берді.

Әзербайжанның Minval басылымының дерегінше, шабуыл салдарынан сыйымдылығы 16 мың текше метрден асатын барлық 17 резервуар, сондай-ақ сорғы станциясы, операторлық және техникалық ғимараттар жойылған. Басылым 8 тамызда осы мұнай базасына жасалған дәл сондай шабуылды еске салып, мұны «кездейсоқтық емес, әдейі жасалған қадам» деп бағалады.

Одесса облысындағы SOCAR мұнай базасына жасалған ауқымды соққыны жергілікті ақпарат құралдары да растады. «Новости Одесса» Telegram-арнасы шабуылдың салдарын көрсеткен бейнежазба жариялап, 17 резервуардың, сорғы станциясының және техникалық нысандардың зақымданғанын хабарлады.

Әзербайжан мұнай базасына жаңа соққы жасалғанын ресейлік соғысқа жақтас пабликтер де жазды.

SOCAR нысанына шабуылды Украина энергетика министрі Светлана Гринчук пен президент Владимир Зеленский растады. Украина ТЖМ Одесса облысындағы отын-энергетикалық инфрақұрылымға соққы жасалғанын хабарлап, соның салдарынан ірі өрт шыққанын мәлімдеді. Өртті сөндіруге 100-ден астам құтқарушы, еріктілер, Ұлттық гвардия сарбаздары мен жергілікті өрт сөндірушілер, сондай-ақ өрт сөндіруші робот пен өрт пойызы жұмылдырылған.

Фото: Nina Liashonok/REUTERS