457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украинаға жасалған шабуылдардан екі адам қаза тапты, 15 тұрғын жараланды

 

Ресей әскері Украинадағы үш өңірге – Донецк, Херсон және Днепропетровск облыстарына шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Донецк облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Вадим Филашкиннің мәліметінше, Константиновка мен Мирноград қалаларында екі бейбіт тұрғын оққа ұшқан. Тағы үш адам Крымки мен Светлое ауылдарындағы шабуылдар салдарынан жарақат алған.

Херсон облысында сегіз тұрғын жараланып, олардың арасында бір бала бар. Шабуылдан 11 жеке тұрғын үй мен екі көпқабатты үй зақымданды. Бұл туралы Херсон облыстық әскери әкімшілігі хабарлады.

Днепропетровск облысына Ресей артиллериямен және соққы дрондарымен шабуыл жасаған. Нәтижесінде 47 және 60 жастағы екі ер адам мен 40 және 58 жастағы екі әйел жарақат алды. Бұл ақпаратты облыстық әкімшілік растады.

Украина билігі Ресейдің бейбіт тұрғындарға бағытталған мұндай шабуылдарын әскери қылмыс ретінде бағалап отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккен аудандарда құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Фото: Volodymyr Zelenskiy Via Telegram/REUTERS