457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина дрондары Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарын атқылады

Нысаналар қатарында Краснодар өлкесіндегі Афипск МӨЗ-і және Самара маңындағы Куйбышев МӨЗ-і болды

28 тамызға қараған түні Украина қарулы күштерінің дрондары Ресейдің екі ірі мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-сілтеме жасап.

Нысаналар қатарында Краснодар өлкесіндегі Афипск МӨЗ-і және Самара маңындағы Куйбышев МӨЗ-і болды. Бұл туралы Украинаның Ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт Бровди («Мадяр» деген атпен белгілі) хабарлады.

Украина Қарулы күштері Бас штабының дерегінше, Афипск МӨЗ-іне Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының бөлімшелері қатысқан. Ал Куйбышев МӨЗ-іне дрондар шабуылына қосымша Украина арнайы операциялар күштері тартылған.

Краснодар өлкесінің жедел штабының ақпаратына сәйкес, дрон қалдықтарының құлауынан зауыттағы бір қондырғы өртенген. Өрт аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады. Оны сөндіруге 21 маман мен 8 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Геленджик маңындағы Криница ауылында дрон қалдықтарынан орман өртеніп, 200 шаршы метр аумақта үш ошақ анықталды.

Exilenova+ Telegram-арнасы жариялаған суреттерде Афипск МӨЗ-індегі өрт көрсетілген. Мәліметке қарағанда, соққы газ бен газконденсатты өңдеу қондырғысына бағытталған. Бұл МӨЗ бұған дейін де, 7 тамызға қараған түні, украин дрондарының шабуылына ұшыраған еді.

Самарадағы Куйбышев МӨЗ-де де ауқымды өрт шыққаны туралы Telegram-арналарда фото және видео жарияланды. Облыс губернаторы Вячеслав Федорищев оқиғаның мән-жайын ашпағанымен, Самара әуежайында уақытша шектеулер енгізілгенін және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін мобильді интернет жұмысы шектелгенін хабарлады.

Сонымен қатар, Самара облысында дрондар "Кряж" теміржол станциясына да соққы жасаған. Куйбышев теміржолы хабарлағандай, контакт желісі зақымдалып, нәтижесінде үш пойыздың қозғалысы тоқтатылып, тағы 10 пойыз кешіктірілді.

Фото: DW