457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада 7 жасар бала көлік айдап кетіп, жол апатына ұшырады

Астанада ересектердің қарауынсыз қалған 7 жасар бала ата-анасының көлігінің кілтін алып, машинаны от алдырып, аулада бірнеше тұрақтағы автокөлікке соғылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнынан фото мен бейнематериалдар әлеуметтік желіде жарияланды.

Полиция кейін баланың және оның ата-анасының жеке басын анықтағанын мәлімдеді.

"Бұл оқиға бойынша ата-аналар бала тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу, көлік кілттері мен өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді," – делінген Астана ПД хабарламасында.

Фото: видеодан кадр