457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада аураханада әйелге көмек көрсетілмеген: Ол сәбиінен айырылып қалды

Астанадағы облыстық №2 көпсалалы ауруханада жүкті әйел уақытында көмек ала алмай, сәбиінен айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Манас көшесі, 22-үйдегі мекенжайда орналасқан медициналық мекемеде болған.

Палатада бірге жатқан әйелдердің бірі бұл жайтқа куәгер болғанын айтады. Оның сөзінше, жағдайы ауыр әйел қатты қан кетіп, көмек сұрап айқайлағанымен, медициналық көмек тек 1 сағат 45 минуттан кейін көрсетілген.

Куәгердің айтуынша, науқас ауруханаға екі күн бұрын түсік тастау қаупімен түскен. Алғашқы күндері жағдайы бірқалыпты болғанымен, сол күні кенеттен күрт нашарлаған.

«Біз сөйлесіп, бір-бірімізді жұбатып отырғанбыз. Бүгін кенеттен жағдайы күрт нашарлап кетті. Қатты қан кетті. Мен көмек сұрап медбикені шақырдым. Бірақ ол дәрігердің бұйрығынсыз ештеңе істей алмаймын деп жауап берді», – дейді ол.

Куәгер әйелдің айтуынша, ауыр халдегі науқасқа ешкім нақты көмек көрсетпеген.

«Бәрі қарап отыр. Кімге хабарласпадым бір-біріне сілтейді. Ауруханада науқастар бақылауда болады деп ойлайтынмын. Бірақ бұл жерде біз өлімді күтіп жатқандаймыз», – деп ренішін жеткізді.

Аурухана әкімшілігі бұл жағдайдың болғанын растады және қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

Аталған оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданып, ресми қорытынды беріледі», – делінген хабарламада.

Мән-жайды Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы да түсіндірді.

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің алдын ала қызметтік тексеруі нәтижесінде пациентке медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығымен бекітілген акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №185 «Жүктіліктің үзілуі» клиникалық диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес көрсетілгені анықталды. Бұл клиникалық жағдайда 6 апта мерзімінде өздігінен басталған түсік тіркелген. Клиникалық диагноз – «Өздігінен болған түсік» деп қойылды. Сондай-ақ пациентпен түсіндіру жұмысы жүргізілді», – делінген агенттік сұрауына берген ресми жауапта.
Қазір бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатыр. Аурухана басшылығы қызметтік тергеу аяқталған соң ресми қорытындыны жариялауға уәде берді.

Фото: видеодан скрин