457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Иерусалимде автобус аялдамасында 6 адамды атып кетті

8 қыркүйекте Иерусалимнің Рамот ауданындағы автобус аялдамасында екі қарулы адам жұртқа оқ атты. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 11 тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Израиль полициясының мәліметінше, шабуыл жасағандар – Батыс жағалаудан келген палестиналықтар. Олар оқиға орнында күзетші мен сол маңда болған қарулы азаматтың қолынан қаза тапты.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаны теракт деп атап, арнайы қызметтерге қылмыскерлердің сыбайластарын табуды тапсырды.

Қазіргі уақытта армия Батыс жағалауда, соның ішінде Рамалла маңында да рейд жүргізіп жатыр.

Палестина президенті Махмуд Аббас бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылды айыптады. Ал ХАМАС пен «Исламдық жихад» ұйымдары шабуылды құптап, орындаушыларды «қарсыласу жауынгерлері» деп атады, бірақ жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Ресми дерек бойынша, Газада әлі де 48 Израиль тұтқыны бар, олардың шамамен 20-сы тірі болуы мүмкін. Аймақ қазір Израильдің әуе соққылары мен құрлықтағы операцияларына ұшырап отыр. Израиль әскері Газа-Ситидің бір бөлігін бақылауға алғанын мәлімдеді. Ал Газа денсаулық сақтау министрлігі 63 мыңнан астам адам қаза тапқанын, 160 мыңнан астамы жараланғанын хабарлады. Бұл деректерді БҰҰ да келтіреді, алайда Израиль бұл көрсеткіштерді жоққа шығарады.

Фото: Ammar Awad/REUTERS

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00