Астанадағы караоке-барда жаппай төбелес болды

Астанадағы караоке-барлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиғағақатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, караоке-барда болған төбелеске қатысы бар тұлғалар анықталып, ұсталған.
«Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полиция қажетті сараптамалар тағайындалғанын айтты. Істің тергеу барысы Алматы аудандық полиция басқармасы басшылығының бақылауында.
Фото: видеодан кадр

Ең көп оқылған
