457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанадағы қоқыс полигоныны өртенді

Астанадағы жалғыз экополигонда өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт Алаш тасжолының бойында орналасқан қоқыс полигонында болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда өрт ошағынан қара түтін будақтап шығып жатқаны байқалады.

«Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолының бойындағы қоқыс полигоны жанып жатыр», – делінген жарияланым астындағы түсініктемеде.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнынан өрт сөндіру сәтінен бейнежазба жариялады. Ведомство мәліметінше, полигон аумағында жиналған қоқыс жанған.

«Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Су үздіксіз беріліп жатыр. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.

Фото: ТЖМ