Трамп Барак Обаманы мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ақ үйде журналистермен әңгіме барысында экс-президент Барак Обаманы мемлекеттік опасыздық және 2020 жылғы президенттік сайлауды бұрмалауға қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz.
"Бұл — опасыздық. Олар сайлауды ұрлауға тырысты. Олар сайлауды шатастырмақ болды. Олар елестету мүмкін емес әрекеттер жасады, тіпті басқа елдерде де мұндай болмаған", — деді Трамп.
Оның айтуынша, сайлау нәтижесін бұрмалауға тек Обама ғана емес, сол кездегі Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон мен өзінен бұрынғы президент Джо Байден де қатысқан. Трамп Обаманы "бас ұйымдастырушы" деп атады.
"Олардың бүкіл тобы сайлауды бұрмалауға тырысты, және олар ұсталды. Олар 2020 жылғы сайлауды шынымен бұрмалады", — деді Трамп.
CNN арнасының мәліметінше, АҚШ заңнамасына сәйкес, мемлекеттік опасыздық өлімі жазасымен жазаланады.
Фото: Paul Richards/AFP/Getty Images

Ең көп оқылған
