Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Сұлу Бөлек

  • 12.05.2025

Атырау облысының Еркінқала ауылында мектеп оқушылары екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әуеліде әлеуметтік желіде 8-сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған. Блогер Рүстем Баязиев жасөспірімнің денесінде сырылған және көгерген жерлері анық көрінетін видеоны жариялады. Блогерге зардап шеккен баланың туыстары хабарласып, істі жария етуін сұраған.

Атырау облыстық полициясы екі жасөспірімнің дене жарақатын алғанын мәлімдеді. Қанша күдікті бары әзірше белгісіз.

"Атырау облысы Еркінқала ауылында екі жасөспірімге қасақана дене жарақатын келтірген барлық күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олар кәмелет жасына толмағандықтан, жауап алу заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Видео кадры

 

Байланысты жаналықтар

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025
MalimBlocks
Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жер сілкінді

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр