457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

МӘМС жүйесінде оқушыларға қатысты жаңа ақпарат жарияланды

Қазақстанда оқушылардың барлығы МӘМС жүйесіне енгізілген, олардың жарналарын мемлекет төлейді, деп хабарлайды Malim.kz.

Балалар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС пакеті аясында қажетті қызметтердің барлығын ала алады. Оған мектеп медицинасынан бастап, тіс емдеу, стационарлық және жоғары технологиялық көмек, оңалту шаралары кіреді.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша профилактикалық тексерулермен жоспардың 52%-ы қамтылды. 11% оқушыда алғаш рет ауру белгілері анықталды. Ең жиі кездесетіндері – тіс жегісі, теміртапшылық анемиясы және миопия. Анықталған патологиясы бар балалардың 30%-ы динамикалық бақылауға алынды.

Денсаулық сақтау министрлігі тіс ауруларының алдын алу үшін «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасын іске асыруда. Қазіргі уақытта 150 мектеп стоматологиялық кабинеті ашылды, жыл соңына дейін 240-тан асады. 2028 жылға қарай олардың саны 1000-нан асуы жоспарланған.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап мектептік тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді. Ас мәзіріндегі тұз бен қант мөлшері ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес шектелді. Бұл шара балалардың теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етіп, созылмалы аурулардың алдын алуға бағытталған.

Фото: gov.kz