457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтаулық түлектер сән-салтанатты кештен бас тартып, аутизмі бар балаларға көмектесті

Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT-лицейдің 11-сынып түлектері мектеп бітіру мерекесін тек салтанатпен ғана емес, үлкен әлеуметтік жауапкершілікпен атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл 97 түлек қымбат көйлек, банкет пен мерекелік сән-салтанаттан саналы түрде бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. Барлық қаржы ерекше қажеттіліктері бар және аутизм спектрі бұзылысы бар балаларға қолдау көрсететін "Періште" орталығына аударылды.

Шара «Сенің бес минутың — біреудің бүтін ғұмыры» ұранымен өтті. Бұл бастаманы оқушылардың өздері көтеріп, ата-аналар мен ұстаздар толық қолдау білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық қаржысы балаларды қоғамға бейімдеуге бағытталған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Игі іске ұйытқы болған түлектер өз әрекеттері елдегі өзге мектеп бітірушілерге де қымбат салтанаттан гөрі шынайы көмектің маңызды екенін көрсетсе екен деген үміт білдірді.

Фото: МО Қоғамдық коммуникациялар орталығы