Олжалы шілде: олимпиада Қазақстан үшін өте табысты болды

Беделді олимпиадаларда қазақстандық оқушылардың жолы болып жүр. Биылғы жүлделер ерекше қуантып отыр. Себебі, әлем бойынша бәсеке ең қатты олимпиадалардың бірі, интеллектуалдық пәндік сайыстардың ішіндегі ең беделдісі - биологиядан 4 оқушымыз қола жүлдегер атанды.
Осылайша, ұл-қыздарымыз 80 елден келген 320 оқушының арасынан топ жарды.
Филиппинде өткен бұл олимпиадада практикалық және теориялық бөлімдерден тұрған еді. Теориялық бөлімде оқушылар биологияның – молекулалық және жасушалар биологиялары, биожүйелеу, эволюция мен экология сияқты тақырыптарынан күрделі есептер шығарды.
Практикалық бөлімде оқушылар зертханалық жұмыстар жүргізіп, микроскопия, үлгілерді талдау және биологтиялық процестерді зерделеуден сайысқа түсті. Сонымен, данышпан ұл-қыздарымыздың есімдері келесідей:
- Айғаным Балташова, Астана қаласындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 12-сынып оқушысы;
- Әлихан Әшірханов – Алматы қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы;
- Батыр Ержанұлы, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 11-сынып оқушысы, Өскемен қаласы;
- Ерсұлтан Қайыркен, Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл төрт оқушы да 100 пайыздық командалық көрсеткішке қол жеткізіп, қола жүлде алды. Қазақстан бұл беделді Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің құрамасы 2 алтын, 18 күміс, 56 қола жүлдесін және 12 құрметті грамотасымен марапатталған екен.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ең көп оқылған
