457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық оқушылар информатикадан Халықаралық олимпиадада төрт медаль ұтты

Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті. 

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады. 

Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;

Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;

Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;

Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері: Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай. 

Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. 

Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама.

Фото: t.me/oqu_agartu