457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

65 оқушы «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл алғаш рет халықаралық мәртебе алған байқауға 1300-ден астам оқушы қатысып, оның 112-сі финалға өтті.

Олардың қатарында 39 ауыл мектебінің оқушысы бар. Сонымен қатар Алтай өлкесі, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Түрікменстан елдерінен 20 халықаралық оқушы бақ сынады.

Байқау бес түрлі номинация бойынша өткізілді. Қазылар шешімімен 65 оқушы жеңімпаз атанды:

I дәрежелі диплом мен алтын медаль – 15 оқушы
II дәрежелі диплом – 20 оқушы
III дәрежелі диплом – 30 оқушы

Қосымша 20 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды

Халықаралық қатысушылар арасынан да үздіктер анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды:

Бүркітбаев Саяқ — Өзбекстан

Байдөлетова Айнұр — Түрікменстан

Айдос Нұрмағанбет — Моңғолия

Үсенбаева Арайлым — Өзбекстан

Сондай-ақ, Маңғыстау облысынан Айберікұлы Алмазға «Абай» журналының арнайы жүлдесі табыс етілді.

Байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Абай облысының білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

Фото: t.me/oqu_agartu