Қазақстандық оқушылар әлемдік IMO-2025 олимпиадасында 6 медаль еншіледі

Аустралияда математикадан өткен халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Олимпиадаға 112 елден 650-ге жуық жас математик қатысты. Солардың ішінде үздіктер қатарынан көрінген жеңімпаздарымыз:
II орын – Мирон Юркевич, Haileybury Almaty мектебінің оқушысы;
II орын – Амирлан Аманжолов, Haileybury Almaty мектебінің оқушысы;
II орын – Марғұлан Шарел, Spectrum International School мектебінің оқушысы;
II орын – Амир Сахипов, РФММ мектебінің оқушысы;
III орын – Ерасыл Алтынбек, Nurorda мектебінің;
III орын – Ерқанат Кеншілік, Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы.
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ең көп оқылған
