457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырауда 23 жастағы фельдшерді атып кетті

Атырауда 23 жасар фельдшерді атып кетті. Күдіктілер ұсталды. Қазір мамандар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр,-деп хабарлайды Malim.kz "Qazaqstan" телеарнасына сілтеме жасап. 


Оқиға қала сыртындағы Химиктер кентінде кеше түнде болған. Атыс болған жерді полиция қызметкерлері қоршап қойған. Қайтыс болған жігіт 23 жаста, Атырау қаласының тумасы, ауруханада фельдшер боп жұмыс істеген. Алғашында бір топ азаматтар сөзге келісе алмай, жаппай төбелес болған. Артынан достары сол күні жұмыстан шығып, үйінде демалып жатқан Азамат Асылбекұлын көмекке шақырған. Алайда ол келген сәтте жағдай одан әрі ушығып, төбелескендердің бірі Азаматқа тапаншамен оқ атқан. Алған жарақаттарының салдарынан ол осы жерде жан тапсырған. Қазір төбелеске қатысқан барлық адам ұсталып, қамауға алынды. Оларға қатысты «адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қайтыс болған азамат жуырда отау құрған.

Фото: gov.kz