СҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Ленинское елді мекені маңында Volvo FH жүк көлігі мен Chevrolet Cobalt жеңіл көлігі соқтығысып қалған.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Астана-Петропавл» тас жолында бүгін түнде болған. Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі және оның 21 жастағы жолаушысы сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмды.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданбақ.
Полиция департаменті мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін жүргізушілерге әсіресе көлік көп жүретін учаскелерде жылдамдық режимін сақтап, көлік құралының техникалық жағдайын бақылау қажеттігін ескертеді.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
