Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Сұлу Бөлек

  • 07.05.2025

Еркеш Шәкеевке саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Malim.kz.

FreedomTicketon билеттерді сатуды ешбір ескертусіз тоқтатқан. Танымал қазақстандық композитор жоспарланған концерттің өтпейтінін хабарлады.

"Сіздерге зор өкінішпен мынаны хабарлаймын: саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерт – БОЛМАЙДЫ!
Қазір тек үш себепті атап өте аламын, бірақ олардың өзі-ақ жағдайдың астарын түсінуге жеткілікті деген ойдамын:
 1. Бүгін "FreedomTicketon" сайты еш ескертусіз билет сатуды тоқтатты.
 2. Өткен аптада (1 мамыр) "Almaty Theatre" қол қойылған келісімшарт пен алдынала төленген жалға алу ақысына қарамастан, менің концертымды ауызша түрде тоқтатқан болатын. Ресми хатты күтіп отырмыз.
 3. Сондай-ақ бүгін, күтпеген жерден (Театр, концерт өткізуге бас тартқаннына бес күн өткен соң ғана) Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан, ұйымдастырушылар тарапына шағым айтылды. Яғни, бізден немесе театрдан (мұны нақты түсінбедім), іс-шара туралы тиісті хабарлама болмағаны жөнінде", - деп жазған ол. 

Концерт саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алуға арналуға тиіс еді. Еркеш Шәкеев барлық ресми бас тартудың тізімін алып, жариялауға үміттеніп отыр.

Еркеш Шәкеев туралы не белгілі?

Еркеш Шәкеев — ақын, композитор, әнші әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оның әндерімен Қазақстан мен Ресейдің көптеген танымал орындаушылары бірнеше альбом шығарған. Олардың қатарында A’Studio (үш құрамда), Батырхан Шүкенов, Ани Лорак, Анита Цой, "Мюзикола" дуэті, "Дуэт "L", "Восток" тобы, Нағима Есқалиева, "Рахат Лукум" тобы, Парвиз Назаров, Рахат Тұрлыханов, Толқын Забирова, Бауыржан Исаев, Динара Сұлтан, "101 тобы" және басқа да жұлдыздар бар.

Фото: Еркеш Шәкеевтің Facebook-тегі жеке парақшасынан

Байланысты жаналықтар

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

06.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

24.04.2025

Димаш тыңдармандары жиі қойған сұраққа жауап берді

22.04.2025

«Өзіңізге жақсылық жасаса болды ма». Ұлықпан Жолдасовтың әйелі сынның астында қалды

21.04.2025

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты

Димаш тыңдармандары жиі қойған сұраққа жауап берді

«Өзіңізге жақсылық жасаса болды ма». Ұлықпан Жолдасовтың әйелі сынның астында қалды

Ол Асхат Садырбайды қолдап пікір қалдырған.

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған