Игорь Лепеха «Хутор» бандасы туралы не біледі?
Хасан Қасымбаев ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Ішкі істер министрі Сәденовтің орынбасары Игорь Лепеха жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Malim.kz.
«Сол жерде біздің қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Мен бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттемедім. Сондықтан оны тиісті басқармаға бағыттаған жөн. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін, олар өзінің жауабын береді", - деді И. Лепеха.
Сондай-ақ, ведомство өкілі бұл іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын айтты.
«Біздің қызметкерлерге қатысты мәселе қаралып жатқан жоқ. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты ол (Х. Қасымбаев) ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Барлық процессуалдық әрекеттерді біздің қызметкерлер бірінші кезеңде орындады», - деді министрдің орынбасары.
Фото: inbusiness.kz