Клебанов басқаратын ЖЭО-2 жұмысшысы жан сақтау бөліміне түсті

Петропавлда 2-Жылу-электр орталығы аумағында жұмысшы абайсызда жоғарыдан құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға кеше сағат 17.00 шамасында болған.
«Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС-нің 40 жастағы жұмысшысы өндірістік нысанда жұмыс істеп жүріп төменге құлаған.
«Средазэнергомонтаж Петропавл» ЖШС бас директоры Максим Бублейниктің айтуынша, зардап шеккен жұмысшыға шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан кейін ол қаладағы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оған емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы оқиға бойынша тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Комиссия жұмысының нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз. Зардап шеккен азамат 4 разрядты футеровщик, біз оған міндетті түрде көмек береміз, — деді Максим Бублейник.
Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Ер адамда күрделі жарақат. Бас сүйек-ми жабық жарақатын алған. Сол жақ шүйде-төбе аймағында ашық жарасы бар. Сол жақтағы қабырғалары сынып, орнынан ығысқан. Сол жақ өкпесы жаншылған. Сол жақ жамбастың сыртқы беті сырылған, - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
Айта кетейік, Петропавловск қаласындағы 2-ЖЭО олигарх Александр Клебановтың бақылауында. Жұмысшының биіктіктен құлауы – бұл кәсіпорында болған алғашқы төтенше жағдай емес. Мысалы, 2023 жылғы 20 наурызда осы жерде бір қызметкер құлап қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалды. 16 маусымда Петропавловск ЖЭС жұмысын қалыпқа келтіру үшін 17,5 миллиард теңге жұмсау жоспарланғаны белгілі болды. Бұған дейін, 2022 жылғы қараша айының соңында қатты аяз кезінде Екібастұз қаласы жылусыз қалды, оның Жылу-электр орталығы да Клебановтың иелігінде. Бұл оқиға ел тарихындағы ең ірі коммуналдық апаттардың бірі болды».
Еске салсақ, 2023 жылғы 13 қыркүйекте «ЦАЭК» АҚ бұрынғы басшысы, белгілі кәсіпкер Еркін Әмірханов КазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Қазақстандық олигархтар Александр Клебанов пен Сергей Канның ЖЭО-лар, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшақтары, атом кен орындары және Мұхтар Жәкішевпен байланысты схемаларын ашты. Мысалы, Әмірхановтың айтуынша, «Росатомға» сатылған уран кен орны Клебанов пен оның бизнес серіктесі хорват-ресейлік кәсіпкер Василий Анисимовқа тегін берілген.
2025 жылғы 7 маусымда «Павлодарэнерго» АҚ, оның негізгі акционері Клебанов болып табылатын «ЦАЭК» компаниясына тиесілі, сатып алу саласында заң бұзушылықтар анықталды.
Фотоколлаж: КазТАГ

Ең көп оқылған
