Мысырда қазақстандық туристер мінген аутобус аударылды

Олармен бірге Ресей, Украина, Әзербайжан туристері бар

Мәди Саматұлы

  • 10.11.2024

Оңтүстік Синайдағы Рас-Судр қаласында жолаушылар автобусы аударылып, 41 адам жарақат алды, олардың ішінде Ресей, Украина, Қазақстан және Әзербайжан туристері бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті «cairo24» сайтының жазуынша, оқиға болғаннан кейін дереу жедел жәрдем көліктері жарақат алғандарды емделу үшін ауруханаға жеткізуге шыққан.

Оқиға туралы хабар Синай провинциясының шұғыл көмек көрсету қызметіне жетіп, құқық қорғау органдарының жедел тобы оқиға орнына барған. Оқиға орнында 31 ресейлік және украиналық, 3 қазақстандық, 3 әзербайжандық және 4 мысырлық азаматтың жарақат алғаны анықталған. Барлық зардап шеккен адам ауруханаға жеткізіліп, оқиға бойынша ресми құжаттар толтырылып, қажетті шаралар қабылданған.

Фото: cairo24.com

Байланысты жаналықтар

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Астанада автобус оқушы қызды қағып кетті

03.05.2025

Мөлдір Жаңбырбай мен Әсел Қанай қатарынан 3 медаль жеңіп алды

21.04.2025
MalimBlocks