Нью-Йоркте тікұшақ апатынан алты адам көз жұмды

Malim Админ

  • 11.04.2025

Нью-Йорк қаласының көрікті жерлерін аралау кезінде тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, бір отбасы мен ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды The New York Times.

Құтқарушы бригадалар Нью-Джерси штатының Джерси-Сити қаласы маңында апатқа ұшыраған тікұшақтың бөліктерін көтеріп жатыр.

Қаза болған жолаушылар Siemens компаниясы испандық филиалының президенті Агустин Эскобар мен оның әйелі, үш баласы екені белгілі болды. 

Тікұшақты туристерге бірнеше жүз долларға небәрі 15 минутта қаланың көрікті жерлерін – Орталық саябақ, Бостандық мүсінін жоғарыдан көруге ұсынатан New York Helicopter жергілікті туристік компания берген. 

Джерси-ситидің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы апатқа қатысты тергеу амалдарын бастады. 

Куәгерлердің айтуынша, қатты гүрсілден кейін олар аспаннан құлаған тікұшақты көрген. Жоғарыдан бірнеше сынық құлап, қайықтардағы адамдардың үрейін тудырды. 

Президент Дональд Трамп Truth Social-да тікұшақ апаты құрбандарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ол көлік министрі Шон Даффи мен оның қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын және жақын арада өз қорытындыларын жариялайтынын атап өтті.

Бұл соңғы екі онжылдықта туризм саласындағы адам өліміне әкелген үшінші тікұшақ апат болды.

2009 жылы итальялық туристер мінген тікұшақ Гудзон өзенінің үстінде жекеменшік ұшақпен соқтығысып, салдарынан тоғыз адам қаза тапқан.

2018 жылы есіктері ашық тұрған тікұшақ Ист-Ривер бұғазына құлап, аударылып қалды. Бес жолаушы суға батып кетті, тек ұшқыш аман қалды.

Фото: nytimes.com

 

Байланысты жаналықтар

«Мен де мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш апатқа қатысты пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
«Мен де мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш апатқа қатысты пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.