Оралда студенттен ақша бопсалаған 21 жастағы жігіт ұсталды

Оралда полицейлер студентті қорқытып, телефон арқылы ақша аудартқан 21 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, күдікті студентті қорқытып, оған мобильді қосымша арқылы ақша аударуға мәжбүрлеген. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары қылмыс жасаған ер адамды ізін суытпай ұстаған.
"Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам бұған дейін де түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған", – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Фото: Pixabay.com