457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павлодар облысында суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Екібастұз маңындағы Солнечный кентіне жақын орналасқан Шаңдықсор көлінде жүргізілген іздестіру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

«ТЖД құтқарушылары 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Ол 4 шілде күні Шаңдықсор көлінде тыйым салынған жерде шомылып жүріп суға батып кеткен», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, жасөспірім 4 шілде күні жоғалып кеткен. Баланың тыйым салынған жерде шомылғаны айтылды. Іздеу жұмыстары қатты жел мен үлкен толқындарға байланысты қиынға соққан.

Фото: ТЖМ