457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарқаралы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, үш туристі іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.


Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар бүгін таңертен серуендеу үшін тауға көтеріліп, адасып кеткен.

Таулы аумақты қарау үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды.

- ТЖМ іздестіру тобы туристерді Қарқаралы қаласынан 8 шақырым қашықтықтағы таулы жерде тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.

Фото: видеодан скрин