457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қостанайлық полицей өрттен қарияны алып шыққан

Қостанай қаласының полиция қызметкері Ерлік Сұрағанов басын қатерге тігіп, өртеніп жатқан пәтерден қарт кісіні алып шыққан, - деп хабарлайды Malim.kz 24 kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Сын сәтте көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы ескеріліп, Президент өз қолымен оның кеудесіне «Ерлігі үшін» медалін тақты.

Сол күні патрульдік полицияның аға инспекторы Ерлік Сұрағанов кезекті ауысымға шыққан. Таңғы сағат 3-4 шамасында бірге істейтін әріптесі телефон шалып, тұрып жатқан үйінде түтін иісі сезілетіндігін, сол маңайды бақылап шығуды өтініпті. Мекен-жайға тақап келгенде, бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы бір пәтерден түтін шығып жатқандығын байқайды. Қасындағы серігін тұрғындарды оятып, ескертуге жіберіп, өзі жанып жатқан пәтерге ұмтылған.

- Есікті аштым, ауаның кірген себебінен от одан қатты жана бастады. Ана кісінің айғайы көмектесіңіз деген айғайы жүрегіме батып, ойымда тек қана сол кісінің өмірін алып қалу. Сондықтан үйге кіріп, еңбектеп, үйде іздеп-іздеп, жаңағы кісіні шықсам, балконда отыр екен ол кісі. Сосын жаңағы жерде мата тауып алдым, сол матамен сол кісінің үстін жауып, сол кісіні көтеріп, абырой болғанда аман-сау ол кісі де, мен де пәтерден шықтық,- дейді патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Ерлік Сұрағанов.  

Осы оқиғадан кейін Ерлік Сұрағанов Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. 

- Өзінің жұмысына бекем. Осы әрдайым адамдарға жанашып, көмектесіп жүріп жүретін әріптесімінің бірі ғой. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Тәртібі өте жақсы. Мығым жігіттердің бірі десе болады. Өз жұмысын тиянақты жасайды,-дейді патрульдік полиция батальонының взвод командирі Медет Қойшығұлов.   Ерлік Сұрағановтың полиция қызметінде жұмыс істегеніне он жылға жуықтапты. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Өнерден де құр алақан емес. Мерекелік іс-шараларда өлең оқып, ән айтады. «Өмірде де, қызметте де қарапайымдылық, адалдық, жауапкершілік деген үш қағидатқа арқа сүйеймін»-дейді бейбіт күннің батыры. 

 

Фото: Pixabay.com