Сотталған белсенді Марат Жыланбаев аузын тігіп тастаған

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастама топ жетекшісі Марат Жыланбаев қарсылық ретінде аузын тіктi

Сұлу Бөлек

  • 06.04.2025

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастама топ жетекшісі Марат Жыланбаев қарсылық ретінде аузын тіктi​​​, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде белсендінің әйеліне сүйенген адвокат Мейіржан Досқараев хабарлады. Бұған дейін Жыланбаев түрме әкімшілігінің әрекетіне наразылық білдіріп, 26 наурызда аштық жариялаған еді.

"Оған жүгіріп тұруға рұқсат береміз деген. Сонымен қатар, сурет салуға да мүмкіндік береміз деп уәде еткен. Алайда бұл уәделер орындалмаған соң, Марат Жыланбаев аштық жариялап, аузын тігіп тастады", – деді Досқараев Азаттық радиосына берген сұхбатында.

Белсендінің жағдайы туралы нақты ақпаратты түрме әкімшілігінен алу мүмкін болмады. Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Азаттық радиосына берген жауабында «ақпарат шындыққа жанаспайды» деп мәлімдеген.

Жыланбаев туралы не белгілі?

62 жасағы Марат Жыланбаев Гиннес рекордтар кітабына жеті рет енген супермарафоншы ретінде дүйім жұртқа белгілі адам. Ол 2016 жылдан бері Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ол құрған автократиялық билік режимін, кейін Назарбаев президенттіктен кеткенде орнына қалдырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқару жүйесін сынап келе жатқан белсенді ретінде танылды. Үкіметті сынап бейбіт қарсылық акцияларына қатысқан Жыланбаев бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған.

2023 жылы мамырда белсенді Астанада 17 наурызда өткен бейбіт акцияға қатысқаны үшін 20 күн әкімшілік қамауда отырып шыққан бетте қайтадан қамауға алынды. Билік "заңсыз" деп атаған наурыздағы шараға Жыланбаев Еуропа одағы мен Батыс елдерінің елшіліктері орналасқан "Ренко" бизнес-орталығының ғимараты алдына бір топ белсендімен бірге шығып, елдегі "саяси тұтқындарды" босатуды талап еткен, оған қоса Батыс елдерін Астанаға Украинаға қарсы соғыс ашқан "Путинге болысқаны" үшін қосалқы санкция салуға үндеген.

2024 жылғы 19 қаңтарда Астана қалалық соты Жыланбаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырды. 24 қаңтарда ол үкім жойылғанға дейін белгісіз мерзімге аштық жариялаған. Алайда 12 ақпанда денсаулығына байланысты аштықты тоқтатуға мәжбүр болды.

Фото: eurasia.amnesty.org

Байланысты жаналықтар

Атырауда сабақ кезінде оқушының саусағы жұлынып кеткен

27.05.2025

Шерзат ісі: тергеу барысындағы видеолар көрсетілді

23.05.2025

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

23.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025
MalimBlocks
Атырауда сабақ кезінде оқушының саусағы жұлынып кеткен

Шерзат ісі: тергеу барысындағы видеолар көрсетілді

Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған күдікті қылмысын мойындады

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады