ШҚО шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды

Комиссия құрамына бірнеше мекеме өкілі кірді

Мәди Саматұлы

  • 01.09.2024

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметінше, комиссияны ШҚО бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді.

Еңбекмин ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те ШҚО Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

- ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;

- ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

- ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;

- ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Бұқтырма су қоймасында балықшылар суға батып кетті

18.11.2024

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

30.10.2024

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

28.10.2024

КСРО дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі - жалған ақпарат

28.10.2024

Елімізде 800-ден аса мемлекеттік ұйым арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді

27.10.2024

Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді

25.10.2024
MalimBlocks
Бұқтырма су қоймасында балықшылар суға батып кетті

Бірі 31-де, екіншісі 38 жаста

Өскеменде студенттер экологиялық сауаттылығын арттырады

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысан тазартылды

Елімізде қайтыс болған донордың ағзасы 4 адамның өмірін сақтап қалды

КСРО дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі - жалған ақпарат

Әлеуметтік желілерде КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарап жатыр

Елімізде 800-ден аса мемлекеттік ұйым арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді

Бүгін елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

Бұқтырма су қоймасындағы көпір салтанатты түрде қолданысқа берілді

Көпірдің құрылысына елеулі еңбек сіңірген және қолдау көрсеткен азаматтар марапатталды