457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада төленетін жәрдемақы өңірлерге қарағанда 10 есе көп – министр

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, Астанадағы көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы өңірлердегіге қарағанда шамамен 10 есе жоғары, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.

«Нақты мысал келтірейін: 6 баласы бар көпбалалы отбасы Астанада тоқсанына 2,7 млн теңге алады, ал басқа өңірде – 273 мың теңге. Сондықтан қазір бұл шаралар әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету үшін барлық өңірде бірдей болатындай қайта қаралады», – деді Жақыпова дүйсенбі күні Үкімет кулуарында.

Министр әзірге өңірлерді елорда деңгейіне көтере ме, әлде керісінше бола ма деген сұраққа нақты жауап бере алмады.

«Әзірге бізге тек тапсырма берілді, барлық тәсілдер толық айқындалып, мақұлданатын болады. Еңбек министрлігі экономикалық және қаржылық блоксыз қазір біржақты шешім қабылдай алмайды», – деп түсіндірді Жақыпова.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында азаматтардың әлеуметтік қызметтер мен жеңілдіктер мол ұсынылатын елордаға көшуге ұмтылатынын айтқан еді.

Осы жағдайды түзеу үшін өңірлердің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыруды қайта бөлу қажеттігін атап өткен.

Фото: pixabay.com

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00