457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Степногорскіде ана мен сәби 7-қабаттан құлап қаза болды

Бүгін таңғы сағат 05:00 шамасында Степногорск қаласында қайғылы жағдай тіркелді. 23 жастағы әйел 7 айлық нәрестесін қолына алып, тұрғын үйдің 7-қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға кезінде марқұм таныстарының үйінде болған. Құлау салдарынан ана мен сәби оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта трагедияның себебі анықталуда. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақмола облыстық ПД мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сараптамалар нәтижесінен кейін түпкілікті қорытынды жасалмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда да ұқсас жағдай болған еді: әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секірген. Ол қазір ұсталды, ал аман қалған бала туған қаласына қайта оралғысы келмейтінін жеткізген.

Фото: pexels.com