Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

Ақмола облысында асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі өңір сотына сілтеме жасап.
Сот кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісті орындамағаны үшін айыппұл тағайындады.
Бурабай аудандық соты кәмелетке толмағанға қатыгездікпен қарауымен ұштасқан кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін азаматша С.-ға қатысты қылмыстық іс қарады (ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі).
Істің мәні
Сотта анықталғандай, Щучинск қаласының тұрғыны С. 2022 жылдың наурызында психикалық ауру диагнозымен 2014 жылы туылған кәмелетке толмаған Ч.-ны патронаттық тәрбиелеуге алып, оны тәрбиелеу және оған қамқорлық жасау жөніндегі міндеттерді өз мойнына жүктеп, баланы жие ұрып-соғуға ұшыратқан.
Солай, 2024 жылғы қазанда С. баланың аяғын темір ұсақтағышпен ұрып, денесіне зақым келтірген
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баладада сызаттар, тыртық түрінде дене жарақаттары анықталды.
Жаза тағайындауда сот ауырлататын мән-жай деп кінәліге тәуелді дәрменсіз балаға қатысты қылмыстық теріс қылық жасағанын ескерді.
Сот үікімі
Сот үкімімен С.-ға педагогикалық лауазымдарды атқару немесе кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айыра отырып, 80 АЕК (295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Pixabay.com