Жамбыл облысында жер сілкінді: әкімдік тұрғындарға ескерту жасады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі тіркелген Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы табиғи апат салдарын жою бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Ол тұрғындарға ескерту жасады

Сұлу Бөлек

  • 29.03.2025

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі тіркелген Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы табиғи апат салдарын жою бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Ол тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Жиында Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының әкімдері жағдай бойынша есеп берді. Аудандарда зардап шеккедер тіркелмеген. Нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Әкімдік мәліметінше, Меркі және Т.Рысқұлов ауданында 14 әлеуметтік нысан ішінара зардап шеккен. Оның ішінде 9 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар.

Қосымша бүлінген нысандарды анықтау, зерделеу жұмыстары жүріп жатыр.

Аудан әкімдеріне ауылдық елді мекендердегі нысандарды толық аралап, ахуалды көзбен көру, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Облыс әкімі БАҚ пен әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар таралып жатқанына назар аударып, жамбылдықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. 

"Тұрғындарды алаңдатқан нәрсе - Меркі ауданына техникалар келуі, уақытша шатырлар орнатылуы. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған алгоритмге сәйкес жүргізіліп жатыр. Алаңдауға негіз жоқ. Бұл - тиісті мекемелердің күшейтілген режимде жұмыс істеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сақтық шаралары", - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды, бұл Меркі ауданында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз қаласы мен қалған аудандарда 2 балл болды.

Жер сілкінісі 15:56-да қайта сезілді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

01.04.2025

Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

31.03.2025

Ұлытау облысының Теректі стансасында жаңа мектеп ашылды

31.03.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

31.03.2025

Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

31.03.2025
MalimBlocks
Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды

Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Ұлытау облысының Теректі стансасында жаңа мектеп ашылды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жалғасып жатыр

Қазгидромет 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет синоптиктері Астананың және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады