Жасөспірімнің қалжыңынан кейін әуежайда тексеріс басталды
Алматы халықаралық әуежайында болған оқиға салдарынан бірнеше рейс кешігіп, уақытша ұшу шектеулері енгізілді

Алматы халықаралық әуежайында болған оқиға салдарынан бірнеше рейс кешігіп, уақытша ұшу шектеулері енгізілді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бұл туралы терроризмге қарсы жедел штабының баспасөз қызметіне мәлімдеді.
"Алматы халықаралық әуежайында жасөспірімдердің бірі қалжыңдап, досының сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін айтты. Нәтижесінде әуе кемесін және барлық жолаушыны тексеру жоспары іске қосылды, салдарынан рейс кешігіп, уақытша ұшу шектеулері енгізілді", – деп хабарлады штабтан.
Алматы қаласының жедел штабы мұндай сөздер, тіпті қалжың ретінде айтылса да, қауіпсіздікке төнген нақты қауіп ретінде қарастырылатынын және тексеруді қажет ететінін түсіндірді. Кей жағдайларда мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
"Азаматтарды әуежайдағы тексеру аймағында және ұшақ бортында қауіп, қару, жарылғыш заттар және басқа да қауіп төндіруі мүмкін тақырыптарда сөз қозғамауға және жауапкершілік танытуға шақырамыз. Мұндай "қалжыңдардың" орны жоқ және оның салдары ауыр болуы мүмкін", – деп ескертті штаб.
Фото: ala.avia
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
