457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры болған

Журналист Диас Ахметшәріп миына қан кетіп, комаға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ulysmedia.kz порталының мәліметінше, оқиға Ақтауда өткен Ішкі істер министрлігінің көшпелі алқалы жиыны кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын «аса ауыр» деп бағалап отыр.

Диас Ахметшәріп кәсіби жолын 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып бастаған. Кейін «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі ретінде ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2003 пен 2007 жылдар аралығында Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметін басқарды, ресми баспасөз хатшысы болды. Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік құрылымдарда баспасөз хатшысы ретінде қызмет еткен.

Фото: ҚазАқпарат