Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олжас Бектенов: Баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек

Қоғам
Олжас Бектенов: Баспана кезегінде шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде тұрғын үй саясатына қатысты бірқатар проблеманы атады.

— Көріп отырғанымыздай, тұрғын үймен қамту құралдарының барлығы бірдей тиімді әрі толыққанды қолданылып отырған жоқ. Сондықтан өңірлерде бөлінген қаражатты уақтылы игеріп, ұсынылған құралдарды пайдалану қажет, — деді Олжас Бектенов Үкімет үйінде. 

Сондай-ақ Премьер-министр баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту керектігін айтты. 

— Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек. Сондай-ақ инженерлік желілерді тарту мәселесіне де назар аударғым келеді. Инфрақұрылымның жоқтығынан объектілерді іске қосу тым ұзаққа созылып кетуде. Мұндай мысал әр өңірде бар, — дейді ол.

Айта кетейік, биыл 10 мыңнан астам азаматқа кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Сонымен қатар, Премьер-Министр Олжас Бектенов құрылыс сапасын арттыру керектігін айта келе, жаңа құрылыс кодексінде сапаға қатысты бірқатар шара қарастырылғанын айтты. 

- Әкімдіктер құрылыс жұмыстарын инженерлік желілермен үйлестіре отырып жүзеге асыруы қажет. Құрылыстың санымен қатар сапасын да естен шығармаған жөн. Өкінішке қарай, кейінгі жылдары ереже талаптарының бұзылуына және құрылыс нысандарының уақтылы іске қосылмауына қатысты шағымдар саны көбейіп барады, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Фото:  Үкімет 

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу