freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олжас Бектенов есірткімен күресті күшейтуді тапсырды

Қоғам
Олжас Бектенов есірткімен күресті күшейтуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігінің алдына есірткіге қарсы күресті күшейту үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдау міндетін қойды.


 Бүгінгі таңда тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі төмендемейтіні атап өтілді, бұл ретте таралу тәсілдері кеңейіп келеді. Әсіресе түнгі клубтарда есірткіні насихаттау және сату белсенді жүргізілуде. Оны таратуға 14 жасқа дейінгі балалар қатыса бастады. 
 «Әлеуметтік желілер арқылы оңай сатып алуға болатын есірткінің жаңа түрлері пайда болуда. Осыған байланысты, Ішкі істер министріне жауапты бөлімшелердің жұмысын қатаң түрде бағалауды және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу