457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

20 психолог эмоционалдық интеллект бойынша алғашқы тренингтен өтті

«Жастар EQ 2.0.» әлеуметтік жобасы аясындағы 4 компонентті оқыту курсының алғашқы тренингі «Эмоционалдық интеллект» тақырыбында өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Семинар «Dostyk Hotel» қонақ үйінде 10.00 – 18.00 аралығында өтіп, мамандар кәсіби психолог, менеджмент, психология және өнімділік бойынша кеңесші, сарапшы Ерлан Мұстафиннен білім жетілдірді.

Тренинг эмоционалдық интеллект тақырыбы бойынша білімді жүйелеуге жəне қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын бекітуге бағытталды. Бұл əріптестермен жəне клиенттермен тиімді өзара əрекеттесу жүйесін дамытуға ықпал етеді.

Қатысушылар эмоционалдық интеллекттің негізгі құрамдас бөліктерімен танысып, тұлғааралық қатынаста эмоционалдық құзыреттілікті дамыту жолдарын үйренді.

Аталмыш тренингтің мақсаты: эмоционалдық интеллекттің табиғатын жəне оның құрамдас бөліктерін түсіну, эмоционалдық интеллектті дамытудың маңыздылығы мен артықшылықтарын ұғыну, жеке эмоционалдық құзыреттілік деңгейін, күшті жəне əлсіз жақтарын анықтау, өз эмоцияларын жəне басқа адамдардың эмоцияларын түсіну деңгейін арттыру және өз эмоцияларын білдіру жəне басқару дағдыларын жетілдіру болып табылады.

Мамандар оқыту барысында жеке және топтық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, “Эмоционалдық таным жəне оның рөлі”, “Эмоцияларды басқару”, “Эмоционалдық интеллектіні дамыту” тақырыптарын меңгерді.

Бұған қоса, 20 психолог маман республикалық деңгейдегі сарапшының қолдауымен тәжірибелік жұмыстар да жүргізді. Ертең мамандар осы тақырыптағы тренингтің екінші күніне қатысып, тәжірибе арттыратын болады.

Фото: Бейбарыс Сайлаубай