Елімізде оқушылар арасында 1500 балаға 1 психологтан келеді – Динара Зәкиева

Балалар омбудсмені жұмысты ақсатып тұрған әкімдіктерді кінәлады

Мәди Саматұлы

  • 22.09.2024

Балалар арасында суицидтік көңіл-күйді, қорқытуды және зорлық-зомбылықты уақытылы анықтаудың негізгі бағыттарының бірі – осы жазда ашылған психологиялық қолдау орталықтары. Өкініштісі, мектеп психологтары нашар психоэмоционалды жағдайдың айқын белгілері бар балаларды анықтамайды, олармен қалай жұмыс істеу керектігін білмейді немесе бұл жайды елемейді. Бұл туралы еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның жазуынша, сондықтан орталықтар мектеп психологтарымен жұмыс істейді, оларды оқытады және әдістемелік қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, қаңтардан бастап барлық мектепте 500 балаға 1 психолог болуы керек (қазір 1500-ге 1).

Балалар омбудсменінің сөзінше, сол орталықтардың сапалы жұмысы өңірдің бәрінде бірдей қамтамасыз етілмеген, кадрлармен жасақталмаған, мектептермен өзара іс-қимыл басталмаған, мектептермен және психологтармен жұмыс кестесі жоқ. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Түркістан облыстарында жұмыс ақсап тұр.

Суицидтің алдын алуда денсаулық сақтау жүйесімен өзара әрекеттесу өте маңызды. Биыл жұмыс істеу үшін бірлескен бұйрықтар мен алгоритмдер қабылданды. Өкінішке қарай, өңірлерде алгоритм туралы да, бұйрықтар туралы да білмейді. Сондай-ақ, 10 жастан бастап балалармен жұмыс істейтін жастар денсаулық орталықтарының қызметіне қатысты сұрақ туындап тұр, дейді уәкіл.

Оның сөзінше, балалар негізінен өз бетінше хабарласады, бұл көмекке мұқтаж балаларды қамтуды азайтады. Сондықтан бұл құрылымның барлығын прокуратураға тексеру тапсырылған.

Сонымен қатар, орталық деңгейде 2023-2024 жылдары барлық қажетті заң, кешенді жоспар, бұйрық қабылданғанын атап өткен. Сондықтан қазір ең бастысы – әкімдіктердің барлық қарастырылған шешімдерді енгізу бойынша сапалы жұмыс істеуі ғана қалған.

Фото: facebook/Dinara Zakiyeva

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

19.11.2024

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

13.11.2024

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

05.11.2024

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

23.10.2024

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

17.10.2024

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

15.10.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

Премьер-министр Тамақтану стандартын әзірлеудің президент тапсырмасы екенін айтты

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

Мемлекет тарапынан автоматты түрде 60 АЕК (220 мың) теңге көлемінде қаражат құйылады

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

Ол тек 3 бала туу керегін айтады

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

Олардың демалысын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

Олар «Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аясында білім алады

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады