Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Мексикаға қарсы жаңа әскери операцияға дайындалып жатыр – БАҚ

Әлем
Трамп Мексикаға қарсы жаңа әскери операцияға дайындалып жатыр – БАҚ
Фото: Greg Nash-Pool/Getty Images

АҚШ президенті әкімшілігі Мексика аумағында есірткі зертханалары мен картель жетекшілеріне соққы беру үшін америкалық әскерилер мен барлау қызметкерлерін жіберуді көздейтін жаңа миссияны егжей-тегжейлі жоспарлауға кірісті, деп хабарлайды Malim.kz УНИАН-ға сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес, біріккен арнайы операциялар қолбасшылығына (JSOC) қарасты әскери бөлімдердің көпшілігі дрондарды негізгі соққы құралы ретінде қолданбақ. Миссия барлау құрылымдарының юрисдикциясы аясында, Орталық барлау басқармасы (CIA) офицерлерінің қатысуымен жүргізіледі. Әзірге әскер жіберу туралы түпкілікті шешім қабылданған жоқ, алайда дайындықтың бастапқы кезеңдері басталып кеткен. Егер миссияға «жасыл жарық» берілсе, ол құпия түрде, Венесуэла жағалауындағы есірткі тасымалдаушы қайықтарға жасалған соңғы соққыларға ұқсас форматта өтеді.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум өз кезегінде «кез келген интервенция мен сыртқы араласу түрін қабылдамайтынын» мәлімдеп, елдің ынтымақтасатынын, бірақ ешкімге бағынбайтынын атап өтті.

Соған қарамастан, Трамп әкімшілігі операцияларды Мексика үкіметімен толық келісімсіз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті алты мексикалық картельді шетелдік террористік ұйымдар ретінде таныған болатын, деп жазады NBC News.

Өз кезегінде Дональд Трамп бұған дейін «Мексиканы картельдер басқарып отыр» деп мәлімдеген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу