Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақтар мен мұсылмандарды "мамбет" деген Мұхамадиеваға үкім шықты

Қоғам
Қазақтар мен мұсылмандарды "мамбет" деген Мұхамадиеваға үкім шықты
Orda.kz коллажы. Суретте: Алика Мұхамадиева

Қарағандыда 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік, діни және ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен қозғалған атышулы іс бойынша сот аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

3 қарашада судья Арғын Құтышев үкімді жариялады. Алика Мұхамадиева кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Алайда, сот оның жазасын өтеуін екі жылға кейінге шегерді. Бұл шешім ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабына сәйкес қабылданған.

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, мұндай шешімнің себебі – сотталғанның екі жасар баласының болуы.

"Бүгінгі таңда жазаны өтеуді кейінге қалдыру міндетті норма болып саналады. 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қылмыстық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге – егер олардың ісі 5 жылдан аспайтын мерзімге үкім шығарылған баптарға жатса – жазаны өтеуді кейінге қалдыру міндетті түрде қолданылады", – делінген прокуратура хабарламасында.

Іс ашық сот отырысында қаралды, материалдар қысқартылған тәртіппен зерттелді. Түскен мәліметтерге қарағанда, тыңдауларға журналистер мен айыпталушының туыстары қатысқан.

Сотта ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Көз жасын тыя алмаған Мұхамадиева өз сөздерінің қоғамға әсер еткені үшін кешірім сұрады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу