Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның бұрынғы жұбайына қатысты жаңа ақпараттар тарады, деп хабарлайды Malim.kz.
Дереккөздің жазуынша, TikTok желісінде спортшының экс-жұбайына арналған түрлі жазбалар жарияланып, оған қолдау білдірген адамдардың саны артқан.
“Сіз ештеңеден ұтылған жоқсыз! Керісінше, сізді қолдайтын отбасыңыз бен жақындарыңыз бар”, – деп жазылған қолдау пікірлерінің бірінде.
Әлеуметтік желіде бұл жағдай үлкен талқылауға айналып, көпшілік Махмұд Сабырхан мен оның бұрынғы жарына қатысты сан түрлі пікір білдіруде.