“Күлпәш” рөлі арқылы танылған танымал актер Берік Тұрсынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрсынбек Қабатовты қолдап, желі қолданушыларының шамына тиді. Бұл туралы Malim.kz.Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі өмірдің ер адамдарға да бір-ақ рет берілетінін, оны қадіріңді білмейтен әйелмен қор қылудың қажеті жоқ екенін жазған.
“Қатын жолда, бала белде”, жасымаңдар, жігіттер. Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма, өмір бізге де бір-ақ рет беріледі. Біреуді бағу, біреудің көңілін табу бізге міндет емес, өзімізді ойлайық. Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін, бала бағу біз үшін міндет емес, бақыт. … деп біз бастамай тұрғанда естеріңді жиыңдар, қатындар халқы”, – деп жазды ол.
Актердің бұл жазбасы әлеуметтік желі беттерінде бірден тарады. Қолданушылар кәнсілдейтін шоу-бизнес өкілдерінің қатарына Берік Тұрсынбековті де қосу керегін жазып жатыр.
“Берік Тұрсынбеков қанша жерден әйелдің рөлін жақсы сомдағанмен, әйелдің жанын түсіне қоймайды екен ғой..)”, “Зу-зу Күлпашқа байкот жариялап жібереміз ба, не істейміз?”, “Мынаны оқып, тааңғалып отырғаным бар, Күлпашқа да байкот па?”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, Желі қолданушылары бірқатар өнер жұлдыздарына байкот жариялауға шақырды. Олардың қатарында, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов, актер Нұрсұлтан Жақсыген, әнші, композитор Ақсұңқар бар.
Еске салайық, бұған дейін әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасып кеткенін растаған болатын. Бұған әзілкештің көңілдесі пайда болуы себеп болған.