Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сонша әккі ұрылар емес. Луврды үптегендер анықталды

Әлем
Сонша әккі ұрылар емес. Луврды үптегендер анықталды
© BBC/Reuters

Париж прокуроры Лор Беко қазан айында Лувр музейінен француз монархтарының әшекейлерін ұрлағандардың әккі болмағанын айтты. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Прокурордың айтуынша, олар уақ бұзақылар және Париждің шеткері жұпыны аудандарында тұрған.

"Сонша желөкпе, әдеттегідей қылмыскерлер емес. Әйтеуір, біз мұндай қылмыскерлерді ұйымдасқан әккі қылмыскерлердің қатарына жатқызбаймыз, -

деген екен прокурор радиоға берген сұхбатында.

Прокурордың айтуынша, ұсталып, ұрлыққа қатысты айып тағылған төртеудің (3 ер және 1 әйел адам) жергілікті екені анық. Олардың Париждің Сен-Дени деген кедей ауданына қандай да бір қатысы бар екен. Ұсталғандардың ішіндегі екі ер адам бұрын ұрлық үшін бірнеше мәрте сотталған.

Қазір белгілі болғандай, ұсталғандардың ішіндегі әйел мен бір ер адам өздерінің қылмысықа қатысын мойындамапты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу